Арыс қаласындағы орталық «Әл-Фараби» алаңында еліміздегі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концерті өтті. Халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Арыс қаласының Құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арыс қаласының тумасы Нұржамал Үсенбаева, композитор-әнші Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Ләззәт Байырбекова, Бейбарыс Серікбаев, Мақсат Айтжанов, Әлден Жақсыбеков, Фархат Ескенеев сынды Арыстан шыққан сахна саңлақтары мен «Фараб» би ансамблі қатысты. Сондай-ақ, айтыскер ақын Кәрима Оралова Арыс халқына арнауын айтып, елдің ықыласына бөленді. Шара аясында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қиын-қыстау сәтте қолдау беріп, көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен өнер майталмандарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды. Концертті Түркістан облысы әкімдігі мен Мәдениет басқармасы және облыстық «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы ұйымдастырды.
Ұқсас жаңалықтар
Арыстықтар қала күнін атап өтті
Түркістан облысы Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби алаңында қала күні тойланды- деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпара агенттігі. Меркелік іс-шараға жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар және арнайы келген қонақтар қатысты. Бұл күні жарылыстан кейін қаланы қайта қалпына келтіруге […]
Арыста мыңнан астам үй жөндеуден өтті
Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр екен. Айта кетерлігі, Арыс […]
Арыс қаласында көріктендіру жұмыстары жүргізілді
Түркістан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Арыс қаласы «Көктем — 2» тұрғын ауданында жуырда ғана құрылыс жұмыстары аяқталған спорт алаңшасымен танысты. Айта кету қажет, жобаның жалпы құны 60 миллион теңгені құрайды екен. Нысанның құрылыс жұмыстары […]
Пікір қалдыру