«Шымкент медресе» колледжі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Отанды сүю иманнан» атты жас термешілер арасында Жастар Ресурсы Орталығында 2018 жылдың 30 қазанында байқау өткізді.Қалалық колледждер арасынан текті сөздің төресін жырлайтын он екі студент тамыры тереңге жайылған ұлтымыздың термелерін шырқады. Елбасының идеясын және 2018 жылғы тамыз конференциясындағы негізгі құндылықтарды іске асыру мақсатында колледж студенттерін Отанға деген сүйіспеншілігі мен өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылған іс-шараға облыстық және қалалық білім басқармасы, «ОҚ Саз» колледжінің сонымен қатар қалалық филармония қызметкер мамандары әділқазылық етті. Ұлтық рухты асқақтатқан аталмыш жобада 1- орынды Сынабай Қылышбек, 2-орынды Арыстан Рустем,3-орынды Тұрғанбек Жұлдызай және Жуасбек Нұрдаулет қанжығаларына байлап, қаржылай сыйлықтар, алғыс хаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік ұстаздар латын әліпбиінің соңғы нұсқасына қатысты ойларын ортаға салды
Шымкенттік ұстаздар латын әліпбиінің соңғы нұсқасына қатысты ойларын ортаға салды. Білім саласы қызметкерлерінің бас қосқан семинарда латын әліпбиінің соңғы нұсқасын кеңінен талқыланды. Бұл үлгінің тиімділігі диаграфтың болмауында, яғни «бір әріп — бір дыбыс» талабы сақталып […]
ОҚО әкімі Шымкенттегі Төлеметов көшесін қайта құру жұмыстарымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп […]
ШЫМКЕНТТІК КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСПЕТІ ЖАҢАРУДА
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Әл-Фараби көшесі №21 үйдегі күрделі жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталып, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 10 күннің ішінде толық бітіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта шатыры толық ауыстырылып, қасбет жұмыстары жүргізіліп жатыр. […]
Пікір қалдыру