Арыс қаласындағы зақымданған 7613 үйдің 7166-сында жөндеу жұмыстары жүрсе, 447 үй қайта салынып жатыр — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда 7000 үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 23 үй қайта салынып бітті. Қалған үйлердің құрылыс-жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Секторлар бойынша Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары жөндеу жұмыстарын аяқтаса, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары жөндеу әрі қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтап отыр. Бүгін бұл туралы Арыс қалалық әкімдігінде өткен аппараттық жиында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Жиында облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы құрылыс жұмыстары кенжелеп тұрған секторларға жауапты облыс өкілдеріне жұмысты тездетуді тапсырып, қыркүйек айына дейін толық аяқтауды жүктеді.
Сондай-ақ, басқосуда баяндама жасаған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқармасының төрағасы Арман Жетпісбаев Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік нысанның 56-сында құрылыс жұмыстары аяқталып, 12 нысан алдағы апта түгел пайдалануға берілетінін жеткізді. Сонымен қатар, жиында облыстық Қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев арыстықтарға берілетін 100 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыны беру жұмыстары бойынша 5 млрд 67 млн теңгенің халыққа үлестірілгенін баяндады. Бұдан өзге, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов Арыс қаласында Көктем мөлтекауданы мен Ақымбеков, Қонаев сынды орталық көшелердің жөндеу жұмыстары қыркүйек айында толық аяқталатынын айтты.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында судан зардап шеккен тұрғындарға арналып үйлердің құрылысы басталып кетті. Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан Премьер министрлері жаңа шағынауданның құрылысын бастап берді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ӨР […]
Шымкент қаласында алдағы 3 жылда жол мәселесі толық шешіледі. Биыл шахардың шет жағындағы топырақ жолдарға тас төселеді. Бүгін Абай ауданы аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. Жергілікті тұрғындармен жүздескен […]
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте айтылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен жиында алдымен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары талқыланды. Арыстағы жарамсыз деп танылған 474 тұрғын үйдің 402 -ң құрылысы толық […]
Пікір қалдыру