2020 жылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек үш бағыт бойынша жүреді. Біріншісі, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Екіншісі, аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. Үшіншісі, барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді
«Бірінші бағыт бойынша, облыста АӘК алатын балалардың 60%-ға жуығы — көпбалалы отбасылардан. Өңірдегі көпбалалы 86,6 мың отбасы бар: төрт баладан -56,9 мың отбасы, бес баладан — 24,4 мың отбасы, алты баладан — 4,8 мың отбасы, жеті және одан жоғары баладан — 508 отбасы. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді», – деді Әсия Құралқызы.
Түркістан облысы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары еліміздегі пандемия салдарынан жарияланған карантин кезеңінде мониторингтік жұмыстар атқарды. Олардың бірі — 13-21 шілде аралығында облыс аумағындағы жалпы саны 648 дәріханаға мониторинг жұмыстарын жүргізілген. Жеті күн бойына жүргізілген […]
Бүгінде еліміз кең етек жайған қауіпті індетпен жүмыла күресуде. Кәсіпкерлер мен еріктілер де атсалысып жатыр. Мәселен түлкібастық еріктілер жанашырлық танытып аудандағы ауруханаларға оттегі балондарын тегін жеткізуде. Соңғы бір аптаның ішінде Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы […]
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мәселесі қаралды. Басқосуда әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары […]
Пікір қалдыру