Арыс қаласындағы орталық «Әл-Фараби» алаңында еліміздегі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концерті өтті. Халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Арыс қаласының Құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Арыс қаласының тумасы Нұржамал Үсенбаева, композитор-әнші Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Ләззәт Байырбекова, Бейбарыс Серікбаев, Мақсат Айтжанов, Әлден Жақсыбеков, Фархат Ескенеев сынды Арыстан шыққан сахна саңлақтары мен «Фараб» би ансамблі қатысты. Сондай-ақ, айтыскер ақын Кәрима Оралова Арыс халқына арнауын айтып, елдің ықыласына бөленді. Шара аясында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қиын-қыстау сәтте қолдау беріп, көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен өнер майталмандарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды. Концертті Түркістан облысы әкімдігі мен Мәдениет басқармасы және облыстық «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы ұйымдастырды.
Ұқсас жаңалықтар
Арыс қаласына алғаш рет газ беріле бастады
Бірер жылда Арыс қаласының халқы от жағып, күл шығарудан түгелдей құтылады. Бұған дейін көгілдір отыны болмаған шаһарда алғаш рет газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері қаланың коммуналдық мәселелерімен […]
Басты мақсат-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру
Елбасының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын» орындау мақсатында сот және құқық қорғау органдарымен қылмыстық процестің реформалаулы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.Сондықтан, осы жағдайларды ескере отырып облыс прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа […]
Арыста «Өрлеу» жобасымен кәсіп ашқандар көп
Бүгінгі таңда тоғыз жолдың торабы Арыс шаһарында 646 отбасы «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, пайдасын көруде. Олар осы жоба арқасында жеке іс ашып, өздерінің шағын кәсіптерін өрлетуде. Осылардың бірі көпбалалы ана — Оразкүл […]
Пікір қалдыру