Ө.Шөкеев: фракцияда өңірдегі өзекті мәселелерді талқылауды күшейтеміз

Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Фракция мәжілісіне облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы             Өмірзақ Шөкеев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев және депутаттар қатысты. Мәжіліске облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Мұрат Төлтебаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Депутаттық фракция мәжілісінің күн тәртібінде «2016-2020 жылдарға арналған Түркістан облысының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуы және проблемалық мәселелерді талқылау туралы» мәселе қаралды. Ол туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев  хабарлама жасады.

 «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысының құрылғанына 1 жылдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде Елбасы тапсырмаларына сәйкес, Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бағдарламаға сәйкес экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер салалары, яғни, 6 бағыт  бойынша жұмыстар жоспарланған. Жыл басынан бергі 9 айда облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 718,0 млрд.теңгені, нақты көлемі индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,5% құрады. Облыс кәсіпорындарымен 370,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9%-ға жоғары, республика бойынша 5 орынды иеленді. Ауыл шаруашылығы өнім көлемінің өсімі 3,4%-ға артып, жалпы көлемі 447,6 млрд. теңгені құрады. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 70 млрд. теңгеге көп», – деген Ж.Аманбаев базалық индикаторлар оңтайландырылғанын мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*