Екі жақты келісім Өзбекстанда 21 және 22 –ші қараша күндері өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында жасалынды. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар жүйесін құру жөнінде өзара міндеттемелер қабылдап,алдағы уақытта ғылыми тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жасайды. Көрші мемлекетке еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 150-ден астам делегаттар барды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, жетекші мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының, клиникалар, мемлекеттік және жеке университеттердің басшылары, санаториялық-курорттық ұйымдар, фармацевтика өндірушілері, денсаулық сақтау саласындағы IT-компаниялар және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы консалтингтік компаниялардың басшылары бар. Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы денсаулық сақтау жүйелері ынтымақтастығын нығайту, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу. Іс-шараның бірінші күнінде қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға Қазақстанның денсаулық сақтау реформалары, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялары мен озық технологиялар жетістігі таныстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
ТУРКЕСТАН: ЖИТЕЛЬ КЕЛЕССКОГО РАЙОНА НАЧАЛ ВЫРАЩИВАТЬ СУБТРОПИЧЕСКИЕ ФРУКТЫ
Житель Келесского района Туркестанской области Айбек Сарибаев, воспользовавшись государственной программой, реализовал свой бизнес-план. Он обучался по программе» Бастау Бизнес » и получил сертификат. Затем выиграл грант в размере 505 000 тенге на поддержку молодых […]
Түркістан: Сайрамда «Ауыл-ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр
Сайрам ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ақсукент және Манкент ауылдарында білім, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, аталған екі ауылдық округтегі 10 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүретін болады. Мәселен, […]
Созақта спорт кешені ашылды
Түркістан облысының теріскейіндегі Созақ ауданы, Құмкент ауылында спорт кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп барша ауыл тұрғындарын мерекелерімен және жаңа спорткешенінің ашылу салтанатымен құттықтады. Айта кету қажет, спорт кешенінің ашылу […]
Пікір қалдыру