Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Келес ауданы Бозай ауылдық округінің Тентексай елдімекені таза ауыз су жүйесіне толық қосылды. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, су станциясының лентасын қиды.
Сондай-ақ, аудан басшысы Бозай ауылындағы «Ақ үй» әкімшілік ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Аталған нысанның құрылысы биыл басталып, жоспарға сай мереке қарсаңында аяқталды. Айта кетейік, ауылдық округтердегі әкімшілік ғимараттарды жаңартуға аудан әкімі тапсырма берген болатын. Мұндағы мақсат ауылдық округте жұмыс істейтін мамандарға жағдай жасай отырып, халыққа көрсететін қызметтің сапасын жақсарту. Биыл аудандағы 7 ауылдық округтің әкімшілік ғимараттарын жаңалау жұмыстары жоспарланған. Одан бөлек, келер жылы әрбір ауылдық округтегі мемлекеттік қызметкерлерді жаңа компьютерлік жабдықтармен қамту көзделіп отыр.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Ошақты ауылдық округіндегі Сарыжылға, Бақшысай және Жиделі ауылдары сапалы электр қуатымен қамтылды. Ал, Ұшқын аудық округінде ауыз су мәселесі 100 пайызға шешімін тапты. Мерекеде қуанышқа кенелген ауылдағы ағайын мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтар үшін алғыстарын білдірді.
Әлеуметтік желілерге таралып кеткен жазба, яғни Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы жағдайға байланысты «Ешқандай шығын жоқ» деп мәлімдеме жасады делінген хабарлама шындыққа жанаспайды. Негізінде облыс басшысы Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдарда адам […]
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес туризм объектілері мен ұйымдарға, оның ішінде қонақ үйлер, санаторийлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар сияқты нысандардың жұмыс істеуіне 24 тамыз күнінен бастап рұқсат берілді. Бірақ, аталған […]
Тәртіп пен тәрбие – бір тамырдан тарайтын егіз ұғым. Ал бұл қос құндылық өмірлік ұстанымына айналған жандардың бірі – полиция подполковнигі Жұпаркүл Абибуллақызы Абдибекова. Бүгінде ол – Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі құрамында […]
Пікір қалдыру