Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Келес ауданы Бозай ауылдық округінің Тентексай елдімекені таза ауыз су жүйесіне толық қосылды. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, су станциясының лентасын қиды.
Сондай-ақ, аудан басшысы Бозай ауылындағы «Ақ үй» әкімшілік ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Аталған нысанның құрылысы биыл басталып, жоспарға сай мереке қарсаңында аяқталды. Айта кетейік, ауылдық округтердегі әкімшілік ғимараттарды жаңартуға аудан әкімі тапсырма берген болатын. Мұндағы мақсат ауылдық округте жұмыс істейтін мамандарға жағдай жасай отырып, халыққа көрсететін қызметтің сапасын жақсарту. Биыл аудандағы 7 ауылдық округтің әкімшілік ғимараттарын жаңалау жұмыстары жоспарланған. Одан бөлек, келер жылы әрбір ауылдық округтегі мемлекеттік қызметкерлерді жаңа компьютерлік жабдықтармен қамту көзделіп отыр.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Ошақты ауылдық округіндегі Сарыжылға, Бақшысай және Жиделі ауылдары сапалы электр қуатымен қамтылды. Ал, Ұшқын аудық округінде ауыз су мәселесі 100 пайызға шешімін тапты. Мерекеде қуанышқа кенелген ауылдағы ағайын мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтар үшін алғыстарын білдірді.
Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік […]
Түркістан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Жұмыс іздеген жұрт Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтамасыз етілуде. Мемлекеттік бағдарлама облыс басшылығының қатаң бақылауында. Бағдарлама аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы […]
Елімізде жыл басында су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қабылданды. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, 2,4 км3 су көлемін қамтамасыз ету үшін 20 су қоймасын салу […]
Пікір қалдыру