Елімізде жыл басында су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қабылданды.
Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, 2,4 км3 су көлемін қамтамасыз ету үшін 20 су қоймасын салу көзделген. Мемлекеттік меншікте болатынын су қоймаларының алғашқысының құрылысы Түркістан облысында басталды. Бәйдібек ауданындағы «Бәйдібек ата» су қоймасы тау суын жинап, ұлғайған егістік алқаптарды ағын сумен қамтуға, Бөген өзенінен қосымша 153 млн м3 су қамтуға мүмкіндік береді. 68 млн м3 су сиятын жобаның құны –15,7 млрд теңге. Дамбаның ұзындығы – 4,2 шақырым.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стратегиялық маңызды нысанның құрылысымен танысты. «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы» жобасын іске асыруға 2024-2026 жылдарға республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлу көзделген. Жоба жетекшілері маңызды нысанның құрылысына қаралған қаражаттың уақытында бөлінуінің маңыздылығына тоқталды. Нысанның қаржысы толық қаралған жағдайда, 2025 жылы ел игілігіне тапсыру жоспарлануда.
Бүгінгі таңға негізгі бөгеттін жер жұмыстары және 20 шақырымды құрайтын арнаның жер, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Нысан басына 148 адам және 161 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар сапасын бақылау үшін арнайы лабаратория, техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелер нысан басына орналастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, 2 нысан пайдалануға берілді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салғанның арқасында жылына қосымша 34 млн текше метр ағын су жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Ал «Түркістан» магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 млн текше метр су үнемделді. Бұдан бөлек, «Боралдай» су қоймасы салынады. Ауқымды жұмыстар арқылы өңірдегі 230 млн м3 су тапшылығы мәселесі тиімді шешілуде. Осы мақсатта облыс аумағында ауқымды жұмыстар істеліп жатыр. Аталған жобалар Түркістан облысының су ресурстарын басқарудың үнемді әрі табиғи моделі саналады.
Су қоймаларын салу 70 елді мекен үшін су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға; жаңа суармалы жерлерді – 394 мың га айналымға енгізуге; ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға; трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді: 30%-ға дейін – Қырғызстаннан, 25%-ға дейін – Өзбекстаннан, 15%-ға дейін – Ресейден.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдар мен гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту жоспарда бар. Сондай-ақ суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығындарды субсидиялау үлесі 50%-тен 80%-ке дейін ұлғайтылатын болады. Осының арқасында суармалы жерлердің ауданы 1,3 млн га-ға дейін өсіп, шамамен 2,1 текше шақырым су үнемделеді. Жоспарланған тәсілдерді іске асыру 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн га-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың егістік алқасының 50 пайызы қалпына келтірілді. Мақтаарал ауданы аумағында жалпы 994 агроқұрылымға тиесілі 5695 гектар егістік жер тасқын судан зақымданған болатын. Оның ішінде мақта — 3939,4 […]
Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, […]
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Күн тәртібінде көпбалалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мәселесі қаралды. Басқосуда әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары […]
Пікір қалдыру