2020 жылдың 6 сәуірінен бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлайды.
«Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады. Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біз уақытша қиындықты бірге еңсеретін боламыз!» — делінген хабарламада.
Айта кету керек, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынып отыр. Бұның барлығы әлемді жаулаған жаман індеттің алдын алу мақсатында жасалынып отырған қауіпсіздік шаралары.
Уважаемый Нурсултан Абишевич! Мы живем в сложное и удивительное время великих свершений, суверенитета казахстанской государственности, время великих личностей и государственных деятелей. Вы, Нурсултан Абишевич, как первый Президент, основатель Республики Казахстан, по духу и по праву […]
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қолдау шын мұқтаж азаматтарға бағытталуы керектігін атап өткен болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі ҚР Энергетика министрлігі жәнп «QazaqGaz Aimaq» АҚ-мен бірлесе отырып, Шымкент қаласында […]
Шымкент қаласында карантин кезеңінде тойханалардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді. Бұл туралы бүгін арнайы жиында айтылды. Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің […]
Пікір қалдыру