Шымкент қаласында бесінші сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы бір жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны жиырма төрт жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен жиырма үшінші наурызда Петропавл Қызылорда пойызымен бірге келіп, байланыста болғандықтан екінші сәуір күні оқшауланып, провизорлық стационарға жатқызылған болатын. Науқастан алынған тест сынамалары инфекцияға оң нәтиже көрсеткендіктен бесінші сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі таңда, оның денсаулығында еш өзгеріс жоқ. Науқастың жағдайы қалыпты екенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, күні бүгінге дейін қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, қаладағы Желтоқсан көшесі, үшінші А үй карантинге жабылды. Бұдан өзге шаһар аумағында тағы тоғыз аумақ карантинге жабылған еді. Ал, науқаспен байланыста болған жеті адам анықталып, олар да оқшауланды (оның бесеуі отбасы мүшелері).
Айта кету керек, бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.
9 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №59 жалпы орта мектебінде дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілді және мектеп ұжымы жоғары белсенділік танытты. Сенбілікке мұғалімдер, мектеп қызметкерлері және техникалық […]
British Council ұйымы жүргізген «Қазақстанның келешек ұрпағы» зерттеуінің нәтижелері жарияланды. Зерттеу аясында ұйым Next Generation («Келешек ұрпақ») платформасы арқылы әлем жастарына өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді. Бұл платформа жастардың үнін естуге, олардың ұмтылыстары мен проблемаларын […]
Бүгін Еңбекші ауданында санитарлық тазалықты жақсарту және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға аудан әкімі аппараты, «Еңбекші» КММ, «Группа Интеко» ЖШС қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, қоғам өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер […]
Пікір қалдыру