Қазіргі таңда Шымкентте 18 блок-бекет жұмыс істеуде. Аталған бекеттерде жалпы 692 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде 230 полиция қызметкері, 216 медицина қызметкері, 168 қарулы күштер және 60 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.
«Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 596 тұлғаға Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды, 4 тұлғаға айыппұл салынды, қалған істер қаралу сатысында», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, Шымкентте қаласында 161 тойхана, 801 қоғамдық тамақтану объектісі, 29 базар және 23 ірі сауда орындары бар.
Еске салсақ, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.
Шымкент қаласында өткен тәулікте «COVID-19» инфекциясын 46 адам жұқтырып алғаны анықталған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жедел желісінің соңғы мәліметіне сүйенсек, өткен тәулік ішінде еліміздің 366 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған. Оның ішінде 46-сы — Шымкент қаласының тұрғыны. […]
СЫРОВАТКО Михаил Филиппович родился 25 августа 1923 года в селе Мечебылово, Петровского района Харьковской области. В 1941 году отправился на войну, служил в 11-29 полку 6-армии Южно-Западного фронта. В 1942 году участвовал в освобождении от […]
Бастапқыда Президенттің тапсырмасымен 8 сәуір мен 13 мамыр аралығында жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азаймай тұр. […]
Пікір қалдыру