Шымкент қаласындағы банк бөлімшелерінің алдына кезек күтушілерге арналып арнайы жолақтар сызылған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Halyk Bank» акционерлік қоғамы Шымкент қаласындағы өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті.
Қазіргі таңда коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Айта кету қажет, клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр.
«Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді. Қазір зейнетақыларды беріп аяқтадық. Соған байланысты айдың басында банк алдында халық қарасы көп болып еді, қазір ол азайды. Жалпы банкоматтардың алдында 100-ге жуық ерікті мен полицейлер тәртіпті қадағалап, көмектесуде», — деді Айжан Досымбекова.
Бүгінде қалада жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімдігі мегаполис жолдарын заман талабына сай ету үшін бар күш-жігерін жұмылдыруда. Жол-көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту жолдардың сапасын арттырып, апатты жағдайлардың азаюына және көшелердегі кептелістерді айтарлықтай […]
Руденко Мария, ветеран ВОВ РУДЕНКО Мария Ивановна родилась в 1922 году, в городе Пенза. После окончания медицинского техникума, была направлена в город Риддер Восточно-Казахстанской области, где работала фельдшером скорой медицинской помощи. В 1941-1946 годы служила […]
Пікір қалдыру