Карантин кезінде Шымкент қаласында сотталушыларды еңбекке тарту ісі еселене түсті, – деп хабарлайды Күнгей.кз ақпараттық порталы Polisia.kz. ке сілтеме жасап. Қапаста қол қуысырып қарап отырмас үшін білек сыбана кіріскендерін өздері де алға тартады. Заң алдында жауапкершілікке тартылып жазасын өтеп жатқандарды жұмыспен қамту, яғни еңбекке тарту ісі қарқынды.
Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты бас-аяғы бес мекемеде жұмыс тәртібі карантин кезеңінде түбегейлі түгелімен өзгерді. Атап айтқанда, күдіктінің тергеу изоляторына түспес бұрын тыңғылықты медициналық тексерістен өтуінен бастап, сот отырыстарының онлайн форматқа ауысуына дейін егжей тегжейлі пысықталған. Бұдан бөлек, жазасын өтеп шыққандардың да қауіпсіздігі басты назардан түскен емес. Ал құзырлы орган қызметкерлері короновирус індетінің мекеме ішінде таралып кетпесі үшін аяқтарынан тік тұрып белсенділікпен қызмет етіп жатыр. Темірдей әртіп бар жерде еңбек те өнімді. Шымкент қаласында орналасқан түзеу мекемелеріндегілер оқыс оқиға мен көзге көрінбейтін вирусты жолатпауға ат салысып жатқандықтарын жеткізді.
Пікір қалдыру