Түркістан облысы Түлкібас ауданында жылыту маусымының қарсаңында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бастау алды. Осыған орай, Түлкібас ауданы әкімдігінің жанынан құрылған төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы М.Жанесен бастаған жұмысшы топ жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында аудан орталығындағы №1 мөлтек ауданында болды. Жергілікті елмен кездесу барысында 1-ші мөлтек ауданының №13,15,17,22,24,26-шы көп қабатты тұрғын үй секторларында тұратын тұрғындарға жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыс барысында арнайы мамандар тұрғын үйлердегі пәтерлердегі 8 дана жылыту пештері қолдан жасалғанын, мұржалары және 6 газ плитамен 15 автономды жылыту қазандықтарының желдеткіштері өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігін анықтап, ескерту жасады. Жылыту маусымы қарсаңында жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 150 пәтер тексерілді. Олардың дайындық жай күйі сараланып, тұрғындарға 350 дана түсіндірме парақшалары таратылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында АӘК қайта есептелді
Бүгінде Түркістан облысында су ұңғымалары мен құдықтар қазылып, заманауи жаңа аялдамалар ашылып, ағаштар отырғызылып, орындықтар орнатылуда, сонымен қатар жолаяқ пен велосипед жолын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Отырыста атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қатысты облыс бойынша […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ
ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Рәміздер алаңында» мемлекеттік Туды салтанатты ұлықтау рәсімін өткізді. Салтанатты шараға ұласқан мерекелік кеште сарбаздардың сап түзеуімен Мемлекеттік Ту орнатылып, Әнұран орындалды. Кешті өңірдегі зиялы қауым […]
Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалған. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталды. Тексеру барысында науқастардан коронавирус […]
Пікір қалдыру