Өз құқығыңды біліп, оны талап ету құқықтық сауаттылықтың тек бір бағыты. Кейде, заңды біле тұра ешнәрсе істей алмайтындай жағдай болады. Себеп – құқықтық сауаттылықтық болмауы. Салдарынан түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін.
Ондай жағдай да, адамдар алданып, өзгенің арбауында кетеді. Тіпті, алаяқтарға жем болып, қалтасындағыны қағып беретіндер өте көп.
Осыған орай, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Забадам елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Олар, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, рухани құндылықтарды дамыту бойынша сыр шертісіп, ой бөлісті. Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Құқықтық сауаттылық — ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Жоғарыда айтылғандай өміріне алып келетін түрлі деңгейдегі қиындықтардың алдын алады.
Құқықтық сауаттылық әр адамға керек. Әсіресе, қазіргі заманда. Себебі қазір барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүрген жерде әр адамның құқығы қоса жүреді. Барлық адам тең құқылы. Ешкімнің ешкімге зәбір көрсетуге, әлімжеттік жасауға құқы жоқ. Бұл әр адам білуі керек болған құқықтық сауаттылықтың әлқисасы.
Кездесуге құқықтық сауаттылық бойынша Әділдік жолы ҚБ Шымкент қаласы филиалының төрағасы Айжан Кесебай, психолог, оратор Марал Жұмагелді мен Мансап орталығының маманы Журимбаева Сайда қатысты.
Сала мамандары халықтың ой-пікірін тыңдай отырып, психологиялық кеңестер берді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен бағдарламалар жөнінде толығырақ түсііндірме жұмыстарын жүргізді.
Қаламызда интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық берілуде. Бүгінгі таңда қай сала болмасын ғаламторсыз жұмысы жүрмейді. Тіпті, ауырып […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және қалалық […]
В целях охраны жизни и здоровья населения, недопущения распространения коронавирусной инфекции в городе Шымкент проводится дважды в день дезинфекция общественного транспорта. – Согласно поручению акима города, общественный транспорт ежедневно дезинфицируется. Днем в городе регулярно […]
Пікір қалдыру