“Шым қала” тарихи — мәдени кешеніне Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясында бауырлас елдің Ауыл шаруашылығы министрі Хакимзода Курбон бастаған делегация келді.
Қонақтарға қала әкімі Мұрат Әйтенов жылы лебізін білдіріп, меймандостық танытты. Ежелгі Жібек жолы бойында орналасқан Шымшаһардың мәдениеті мен тарихына қаныққан тәжік елінен келген бауырлар ризалық пейілдерін білдірді.
Делегация құрамында Носирзода Жабор — Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Сафарда Бахтиёр — Индустрия жане жаңа технологиялар министрінің орынбасары, Холмация Рустам — Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту комитетінің орынбасары бар.
Сонымен қатар делегация “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінде өңірлік қолөнершілер, шеберлер туындыларын да тамашалап, ескі қалашық тарихымен танысты. Әр бөлімді жеке — жеке машықтанған шеберлар мен гидтер арнайы таныстырып шықты. Тарихи мекенді бейнелейтін кешеннің өзі көздің жауын алып, әрбір танысқан нысандарын айшықтап тұрды. Түркі тілдес ұлттардың мәдениеті мен тарихында ұқсастық болғанымен көріп -алар танымы көп. Елдің тарихын білген сайын, бірлік беки түсетіні сөзсіз. Сондықтан-да Тәжікістаннан келген делегацияның қазақ тарихына қызыққаны сонша, естімегеніне есі кетіп, көргенін түртіп отырғандар болды.
Кездесу сәтінен естелік ретінде елімізге белгілі қолөнер шебері Бейсбеков Болат мырзаның қолынан шыққан туындылар табысталды.
Қазақ халқының арғы-бергі тарихында санқилы замандар өткені рас. Алайда, тап ХХ ғасырдың бірінші жартысындағыдай аласапыран мен зұлмат борын-соңды кездескен емес. Қос дүниежүзілік соғыстан бөлек қазақ халқы басынан ұлт-азаттық көтерілісті, азамат соғысын, ұжымдастыруды, қала берді ұлт […]
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Азат» шағын ауданында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті. Кездесуге «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері, «Азат» шағын ауданының тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, белсенді азаматтары және сол ауданның жастары […]
Қазақ тарихындағы қанды да, қасіретті оқиғаның бірі – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Тәуке хан дүние салған соң, үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы, яғни, орталық биліктің жойылуы Қазақ хандығының қуатын кемітті. Ал, жоңғарлар болса, бұл кезеңде […]
Пікір қалдыру