Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде.
Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жұмыстары қазіргі таңда Күншығыс шағын ауданы №11,14,1 және Спорттық шағын ауданы №10, Ә.Жангельдин көшесі №16, Дулати көшесі №205, Әл-Фараби көшесі №21, А.Асқаров көшесі №32, Республика даңғылы №26, 36А мекен жайында орналасқан тұрғын үйлердің шатыры толығымен ауыстырылды. Мұндан бөлек Ғ.Ильяев көшесі №113/5, Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үйлерінің қасбеттері жаңартылуда. Аталған тұрғын үйлердің сонымен қатар кіреберіс, канализация және су құбырларын жөндеуден өткізу көзделген.
Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. 2022 жылы қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады.
Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і
Шымкент қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары кезекті рет оң нәтиже берді. Қаланың құқық қорғау органдары «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық шарасы аясында заңсыз айналымға тосқауыл қойып, ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі. 19 […]
ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеті бойынша Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері деңгейінде толық шешімін таппаған мәселені Үкімет басшысы Асқар Маминге жеткізді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. ҚР […]
Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі, оның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды, ал халық саны 220 мыңға жуық. Аудан құрамында 18 елді мекен мен 595 көше бар, сондай-ақ 12 демалыс орны тұрғындарға […]
Пікір қалдыру