Шымкент қаласының тұрғыны Құдайберген Иманалиев спорт жаттықтырушысы болған. Алайда, жылқы малына деген қызығушылығы басым түсіп, 7 баланың әкесі былтыр мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаражатына екі бие сатып алады. Көпбалалы отбасы содан бері бие сауып, қымыз сатуды кәсіпке айналдырған. Бүгінде қорасында мал басы да артқан.
-Жылқы малы – төрт түліктің төресі. Ұл-қыздарымның несібесі болса керек, кәсібім тұрақты табыс әкелуде. Бие сүті көрші-қолаңнан да артылмай жатыр. Қымызын қаладағы ұлттық тағам әзірлейтін мейрамханалар сатып алады. Ұлым тіпті мал дәрігерлігіне оқуға түсті. Бұйырса алдағы уақытта мал басын көбейтіп, кәсіпті кеңейтпек ойымыз бар, — дейді Құдайберген Иманалиев.
Жалпы, Шымкентте былтыр 1195 азамат 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған болатын. Биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат оң қорытынды алды.
2023 жылдың 11 қыркүйегінен бастап III-лек бойынша өтінім қабылдау басталды. Қазірдің өзінде 300-ден астам азаматтан өтінім түскен. Үміткерлердің бизнес-жоспарларын әлеуметтік әлеуетіне қарай тәуелсіз комиссия құрамы іріктейді. Комиссия мүшелері қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралған. Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы онлайн режимінде 11-22 қыркүйек күндері аралығында қабылданады.
Бағдарлама аясында тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді. Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес жүргізілетін болады. Былтыр қаладағы 37 үйге ағымдағы және күрделі […]
Шымкент қаласында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және интернеттегі алаяқтықтан қорғау мақсатында ауқымды ақпараттық-алдын алу шаралары жүргізілуде. Бұл акция «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылып, қоғамның цифрлық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық […]
Шымкент қаласында Қаратау аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Жиынның негізгі тақырыбы кәмелетке толмағандардың қылмысқа қатысуының алдын алу, топтасып құқықбұзушылық жасау қаупін азайту және жасөспірімдер арасындағы суицидтің […]
Пікір қалдыру