Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері қалада 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 тұрғын оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, бүгінде басым көпшілігі кәсіптерін бастап кетті.
Жас кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары бүгін кезекті комиссия отырысында қаралды. Жиында 40 үміткердің бизнес-жобалары талқыланды. Жастардың басым көпшілігі ауыр жүк көлік тасымалы, ірі қара мал шаруашылығы, сауда-саттық дүкендерін ашу идеяларын ұсынуда.
Мемлекетік қолдау 21- 35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобаларына – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлеріне – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса, кепіл берушіні тартуға болады.
Жаңа шарттарға сәйкес, кепілді мүлік түрлерінің тізбесі де кеңейтілді. Қосымша екінші деңгейлі банк шоттарындағы қаражаты, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік, жеке меншік құқығындағы /бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар және бау-бақша өсіруге арналған жер телімдері, мамандандырылған техникалар қабылданады.
Жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қалаларды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін береді. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкен сити шағынауданында […]
Еңбекші ауданында тұрғындардың ауыз сумен 97 пайызға, электр жарығымен 98,8% табиғи газбен 90,7 % қамтылған. Бұл жөнінде бүгін өткен баспасөз брифингінде Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы мәлімдеді. Ал орталықтандырылған кәріз жүйесіне аудан халқының 41 пайызы […]
ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеті бойынша Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері деңгейінде толық шешімін таппаған мәселені Үкімет басшысы Асқар Маминге жеткізді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. ҚР […]
Пікір қалдыру