Құрылыс барысында қалалық маңызы бар көшелерді дамыту да қолға алынған. Қазіргі таңда магистральді жолдардың 94 шақырымында құрылыс жүруде. Оның ішінде Қонаев даңғылының жалғасы мен айналма жолды қайта құру іске асырылмақ.
Басқарма мамандары мұндай ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағытты қамтып отырғанын айтады. Мысалы, Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары, заманауи талаптарға сәйкес.
Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Кезең-кезеңімен жүзеге арылылып жатқан қарқынды құрылыс,
Айта кетейін Д.Қонаев көшесінің жалғасы 2019 жылы басталған болатын. Жалпы ұзындығы 18,1 шақырымды алып жатқан көше 7 учаскіден тұрады.
Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта
құрылыс 35%-пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін
Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы
құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.
25 қазан – Республика күніне арналған маңызды іс-шаралардың бірі ретінде Шымкент қаласында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті. Шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Шерудің […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын, цифрлық трансформация бағыттарын және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелерін жан-жақты қамтыды. Бұл құжат – Қазақстанның алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын, […]
Архитектор Бақытжан Әшірбаев, Шымкенттегі жаңа архитектуралық жобаларды сынға алды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Жуырда ғана ғаламторда дауыс беру арқылы «Халық сүйіктісі» атағын жеңіп алған Бақытжан Әшірбаев шаһардағы жаңадан салынып жатқан […]
Пікір қалдыру