Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір — ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен кәсіподақ өкілдері қатысты.
Салтанатты кеште «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Байқау еңбеккерлерді танымал ету және ынталандыру мақсатында республика көлемінде ұйымдастырылып отыр. «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша марапатталған жеңімпаздарға алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
Бұл байқау жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін айқындайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы»қамқорлығымен еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн» — деген болатын.
«Өндірістің жас қызметкері» номинациясымен «Бал текстиль» ЖШС тоқымашысы Қ. Арапбаев, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясымен «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС-нің технологиялық цех бастығының орынбасары Қ.Мірхайдаров, «Үздік еңбек әулеті» номинациясымен «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік инспекторы Р. Тұрғанұлы марапатталды.
Жеңімпаздар «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады
Айта кетейік, Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері саласына қарамастан қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды.
— «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалды.
— «Өндірістің үздік жас қызметкері» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалды.
— «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалды.
Теперь по выходным город будет оставаться без общественного транспорта. В будние дни автобусы начнут ездить по расписанию. Горожанам придется отказаться от прогулок по паркам, скверам и туристическим местам. Жителям рекомендуют по возможности оставаться дома, особенно […]
Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі әлеуметтік желілерге жүргізілген тұрақты мониторинг нәтижесінде балаларды тасымалдауға арналған «Газель» автокөлігінің жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады. Жүргізуші көлікті басқара отырып, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Бұл әрекет тек […]
Шымкент қаласындағы М. Горький атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектепте «Заң және тәртіп» атты тақырыптық кездесу өтті. Жиынға Шымкент қалалық полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Ерғазы Жұмабаев, Шымкент […]
Пікір қалдыру