Мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легінде «Business.enbek.kz» порталына жалпы саны 1780 азаматтан өтініш түскен. Бүгін үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы басталды.
25 қыркүйектен 5 қазан аралығында өтеусіз қаражат алуға ниетті азаматтар өздерінің жаңа бизнес -жобаларын комиссия алдында қорғайтын болады. Қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам бірлестіктерінің өкілдерінен құралған комиссияның әрбір мүшесі үміткердің кәсіпті меңгеру деңгейіне, бизнес-жобалардың әлеуметтік әлеуеті мен қаржылай өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігі мен жаңа жұмыс орындарын құруына қарай бағалайды. Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының инстаграм әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетілуде.
Жалпы, Шымкентте биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған 400 АЕК көлеміндегі грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат грант иегері атанды. Бұл жолы 219 азаматқа грант беру жоспарланған. Қаражат шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға жұмсалады.
Айта кетейік, 2023 жылғы 20 ақпанда business.enbek.kz порталында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алу ға өтінімдер қабылдау басталды. Олар лек-легімен жүзеге асырылады.
Грантты тек қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу және үй-жайларды жалға алу мақсатында алуға болады.Бұл ретте жұбайынан, жақын туыстарынан сатып ала алмайды, жалға ала алмайды.
«Ұстаз – ол балаға білім нәрін себетін, ақылын айтып, ілім үйрететін асыл жан. Ұстаздан аларымыз, үйренеріміз көп. Ұстаздың сөзін ұғыну – біздің міндетіміз. Абай атамыз айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздың еңбегін бағалай […]
2025 жыл – елімізде Ішкі істер министрлігі жариялаған «Профилактика жылы». Осы бастама аясында республика көлемінде отбасындағы тұрақтылықты сақтау, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Шымкент […]
Шымкент қаласында маусым айында 14 184 адамды короновирус инфекциясына қарсы тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде сəуір мен мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланған. Бұл меже артығымен орындалыған. Нақты айтқанда, 23975 […]
Пікір қалдыру