Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір — ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен кәсіподақ өкілдері қатысты.
Салтанатты кеште «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Байқау еңбеккерлерді танымал ету және ынталандыру мақсатында республика көлемінде ұйымдастырылып отыр. «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша марапатталған жеңімпаздарға алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
Бұл байқау жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін айқындайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы»қамқорлығымен еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн» — деген болатын.
«Өндірістің жас қызметкері» номинациясымен «Бал текстиль» ЖШС тоқымашысы Қ. Арапбаев, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясымен «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС-нің технологиялық цех бастығының орынбасары Қ.Мірхайдаров, «Үздік еңбек әулеті» номинациясымен «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік инспекторы Р. Тұрғанұлы марапатталды.
Жеңімпаздар «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңінде Шымкент қаласының атынан қатысатын болады
Айта кетейік, Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері саласына қарамастан қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды.
— «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалды.
— «Өндірістің үздік жас қызметкері» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалды.
— «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалды.
Аким города Шымкент, Габит Сыздыкбеков, встретился с жителями микрорайона Актас, где обсудил актуальные вопросы, касающиеся развития города. Одной из центральных тем встречи стала проблема улучшения экологии и сельского хозяйства. Эти вопросы были подняты старейшиной Жайлау, […]
Шымкент қаласында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері бірлесіп, арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы қосылған көліктердің қозғалысына кедергі келтіретін жағдайлардың алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Іс-шара […]
Шымкент қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері түрлі аудандардағы мектептерге барып, жасөспірімдермен кездесулер өткізуде. Соңғы күндері бірден екі оқу орнында – «1 ТАЛАНТ» мектебінде және Еңбекші ауданына […]
Пікір қалдыру