Шымкент — қайырымды қала

Миллионды қаланың балғындары көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. «Шымкент-Цирк» ұжымының өнерпаздары мен қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасын қолдау мақсатында қайырымдылық қойылымын ұсынды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасының бүлдіршіндері, сондай-ақ, көп балалы отбасылардың балғындары цирк ғажайыптары мен әртістердің қызыққа толы қойылымдарын тамашалады. Қайырымдылық қойылымының көрермендерін тәттілермен қуантуға қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е.Жұмаханбетов арнайы келді. Өз кезегінде, Шымкенттің сақшылары балаларға сыйлықтар үлестіріп, тәттімен қуантты.

Бұл бастаманы алғаш болып қолға алған «Шымкент-Цирк» ұжымының манежінде акробаттардың әуедегі ерекше трюктер, жыртқыш аңдар мен асыл тұқымды жануарлардың қызықты нөмірлері мен сайқымазақтардың елең еткізер ойындары ұсынылды. Цирк директоры А.Әлиев қаладағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме басшыларын аталған қала әкімінің бастамасын акция ретінде қолға алуға шақырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов ғұлама Әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты белгілі философиялық еңбегіне сүйене отырып, Шымкент қаласына «Қайырымды қала» деген балама атау ұсынған болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*