Мемлекет басшысының “Таза QAZAQSTAN” жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде 6 маусымнан бастап «AMANAT» партиясының “Таза бейсенбі” акциясы бастау алды.
Акцияға “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшының м.а. Бекайдар Тулегенов, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, мәслихат депуттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия қызметкерлері, қалалық “Жастар Рухы” ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. 200-ге жуық акцияға қатысушылар А-2 жолының бойын қоқыстан тазартты.
“AMANAT” партиясы Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру бойынша қоғамдық тірек бола отырып, Президенттің бұл бастамасын қолдап, 5 бағыт бойынша жұмысқа бастамашы болды:
1. Экологиялық саладағы нормашығармашылық қызмет;
2. Өңірлердегі ластанған аумақтардың карталарын жасай отырып, “Таза бейсенбісі” экологиялық акциясы;
3. Road – “Астана-Алматы” трассасының жол бойындағы аумағын тазартуға арналған “Таза Қазақстан” эстафетасы;
4. Тарихи, мәдени және табиғи мұраны вандализмнен қорғауға арналған қоғамдық науқан;
5. Жасыл еріктілік-экологиялық еріктілер қозғалысын құру.
Айта кетейік, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы аумақтарды қоқыстардан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.
Осылайша, бұл акция ресми және бір реттік емес, тұрақты және жалпыұлттық түрде өтіп тұрады, ал әр аптаның бейсенбісі тазалық күні болады. Бұл акция жаңа экологиялық ойлауды, халықтың экологиялық мәдениеті мен мінез-құлқын құруды, жаңа экологиялық әдеттердің пайда болуын бастауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыруды және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуді қамтиды.
«Таза бейсенбі» акциясы «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болады.
В Шымкенте успешно прошёл уникальный курс для женщин «ЖЕНЩИНА. ПРАВО. ЗАЩИТА», направленный на повышение правовой грамотности, обеспечение безопасности и формирование уверенности в повседневной жизни. Пятидневный курс включал как теоретические, так и практические занятия, позволившие участницам […]
В Шымкенте завершилось проведение оперативно-профилактического мероприятия «Самокат», направленного на обеспечение безопасности дорожного движения и предупреждение правонарушений среди пользователей электрических средств индивидуальной мобильности. Инициатива полиции была ориентирована прежде всего на повышение дисциплины горожан и предотвращение ситуаций, […]
Шымкент қаласында орналасқан Орталық Азия инновациялық университетінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен 1 курс студенттеріне арналған құқықтық бағыттағы дәріс өтті. Лекция барысында жастарға қоғамда өзекті болып отырған әлеуметтік-құқықтық мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің құқықтық […]
Пікір қалдыру