Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданына қарасты Бозарық шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді.
Аталған ауданда 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 170,7 мың шаршы метрді құрайтын 2 198 пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 000 орынға арналған мектептің құрылысы қолға алынған.
Жиын барысында қала әкімі мердігер мекеме басшыларына құрылысты бекітілген мерзімде аяқтап, сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетейік, 16 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекен шағынаудан және саяжай болып бөлінген. Инфрақұрылым жүйелерімен жалпы алғанда 90 пайыз қамтамасыз етілген. Ендігі мәселе тұрғылықты тұрғын үйлердің жер телімдерін заңдастыру, ішкі орамдық көшелерді асфальттау, ирригациялық арық орнату және сапасыз интернетте болып отыр. Бұл мәселелердің шешу жолдары жіті түсіндірілді.
Одан бөлек, былтыр шағын аудандағы 6 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, саяжай аймағында ұзындығы 4,3 км «Әділет» және атауы жоқ көшелерін асфальтау, 4 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарлануда. Мұның барлығы тұрғындардың айтуымен бірінші кезекте орындалу керектігімен жоспарға енгізілді. Сапалы интернетпен қамту үшін цифрландыру басқармасына зерделеу жұмыстарын жүргізілетін болады.
Карантин кезінде Шымкент қаласында сотталушыларды еңбекке тарту ісі еселене түсті, – деп хабарлайды Күнгей.кз ақпараттық порталы Polisia.kz. ке сілтеме жасап. Қапаста қол қуысырып қарап отырмас үшін білек сыбана кіріскендерін өздері де алға тартады. Заң алдында […]
Шымкент қаласында 6 мамыр күні тағы да 6 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. (06.05.2020 жылғы сағат 14:00 — дегі мәлімет бойынша). Олардың арасында 18 жасар бойжеткен мен 31 жастағы ер адам жақында шет елден келгені белгілі […]
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар. Жалпы қонақүйде коронавируспен […]
Пікір қалдыру