Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданына қарасты Бозарық шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді.
Аталған ауданда 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 170,7 мың шаршы метрді құрайтын 2 198 пәтерлі 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 000 орынға арналған мектептің құрылысы қолға алынған.
Жиын барысында қала әкімі мердігер мекеме басшыларына құрылысты бекітілген мерзімде аяқтап, сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетейік, 16 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекен шағынаудан және саяжай болып бөлінген. Инфрақұрылым жүйелерімен жалпы алғанда 90 пайыз қамтамасыз етілген. Ендігі мәселе тұрғылықты тұрғын үйлердің жер телімдерін заңдастыру, ішкі орамдық көшелерді асфальттау, ирригациялық арық орнату және сапасыз интернетте болып отыр. Бұл мәселелердің шешу жолдары жіті түсіндірілді.
Одан бөлек, былтыр шағын аудандағы 6 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, саяжай аймағында ұзындығы 4,3 км «Әділет» және атауы жоқ көшелерін асфальтау, 4 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарлануда. Мұның барлығы тұрғындардың айтуымен бірінші кезекте орындалу керектігімен жоспарға енгізілді. Сапалы интернетпен қамту үшін цифрландыру басқармасына зерделеу жұмыстарын жүргізілетін болады.
Шымкент қаласындағы банк бөлімшелерінің алдына кезек күтушілерге арналып арнайы жолақтар сызылған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Halyk Bank» акционерлік қоғамы Шымкент қаласындағы өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті. Қазіргі таңда […]
Шымкент қаласы Қаратау ауданында «Шымкент-менің қалам» акциясы өткізілді. Әрбір адамның туған қаласына деген сүйіспеншілігі тазалықтан басталуы қажет. Тазалық сақталған жерде тәртіп те бар. Осыны ескерген Қаратау аудан әкімдігі қала күніне орай тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған […]
Шымкент қаласының зоосаябағы — қаланың маңызды демалыс орындарының бірі болып табылады. Мұнда тек балалар мен ересектер дем алатын жер ғана емес, сондай-ақ көптеген жануарлар мен өсімдіктер әлемі де өмір сүретін жер десек те артық емес. […]
Пікір қалдыру