Шымкент қаласы Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр. Еліміздегі автомабиль жолдарының құрылысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалған емес. «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр», деген болатын. Мемлекет басшысының өңірді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жол құрлысы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыстар қарқын алған. Алащ базар маңындағы жер асты өткелі жол кептелісін болдырмау және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Алаш”, “Бекжан” базарлары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылап қайтты.
Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық-экономикалық көрсеткішіне тоқталсақ, тоннель ұзындығы 46,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының орындалуы 80 пайызды құрап отыр. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
“Бекжан” базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы — 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метр құрайды. Жұмыстар 45 пайыз орындалған, осы жылы халық игілігіне беріледі.
Қала әкімі жауаптыларға өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді — «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде онлайн-брифинг өтті. — Аталған қаулы бойынша ауылшаруашылығына қатысты және тағы да […]
Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері […]
Пікір қалдыру