Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.
Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған.
Қала әкімі жауаптыларға депо құрылысын тиісті талаптарға сай жүргізіп, ең алдымен сапаны бақылауды тапсырды.
Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Айта кетейік қыркүйек айында Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді.
Айта кетейік, жыл сайын өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы заманауи өрт сөндіру техникасымен толығуда. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрінде көмек көрсетіп келеді. Шымкент қаласының әкімдігімен тығыз ынтымақтастықтың арқасында Беларусь Республикасынан тағы 30-дан астам заманауи өрт сөндіру техникасын сатып алу жоспарланған.
Сондай-ақ №4 өрт сөндіру бөлімінің аумағында автокөліктерге арналған өрт сөндіру депосы салынып, бөлім аумағындағы жол жөнделді. Бұдан бөлек, арнайы техникалар тұратын автотұрақтарға күрделі жөндеу жүргізілді. Осылайша өрт сөндіру автокөлігінің жедел және кедергісіз өтуіне барлық жағдай жасалған.
2025 жылдың 9 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мылтыков Улықбек Тұрғұнұлының төрағалығымен Абай ауданы Полиция басқармасының ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары бойынша жедел кеңес өтті. Кеңесте басқарманың 6 ай көлемінде […]
Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды. Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам […]
Шаһарда дәстүрге айналған «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі кезекті рет ұйымдастырылды. 2022 және 2023 жылдары үлкен табысқа жеткен дәстүрлі фестиваль биыл өз жалғасын тауып, көпшілік асыға күтетін, нағыз той-думанға айналды. Фестивальге 50-ден астам тамақтандыру орны қатысып, өздерінің […]
Пікір қалдыру