«ДӘМДӘСTOUR»: ШЫМКЕНТТІК АСПАЗДАР ЖАҢА РЕКОРД ОРНАТТЫ

Шаһарда дәстүрге айналған «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі кезекті рет ұйымдастырылды. 2022 және 2023 жылдары үлкен табысқа жеткен дәстүрлі фестиваль биыл өз жалғасын тауып, көпшілік асыға күтетін, нағыз той-думанға айналды.

Фестивальге 50-ден астам тамақтандыру орны қатысып, өздерінің дәмді әрі ерекше тағамдарын ұсынды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, аспаздардың тағамдарымен, қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты. Бұл фестивалдің басты жаңалығы – көпшілік салмағы 24 келі шығатын, еліміздегі «Ең үлкен самсаның» әзірленуіне куә болды. «Камал ата» асүйінің бас аспазы Н.Нархожаев ең үлкен самсаны әзірлеп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан мотобайкерлер арнайы келіп, өздерінің ерекше мотошеруін және мотошоуын ұйымдастырды. Жиын барысында қала тұрғындары мен қонақтары эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Ал, жиын соңында болған кәсіби отшашу мен алау көрінісі қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*