Шымкент қаласы прокуратурасының қызметкерлері 25 қазан-Республика күні мерекесі қарсаңында «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-ның студенттерімен кездесу өткізді.
Жиында алдымен мерекенің тарихы мен маңыздылығы атап өтілді. Қызметкерлер жастарға Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамы болғандықтан , бұл күнге аса құрметпен қарау керек екендігі айтылды. Сонымен бірге, Президенттің Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы ұсынысын да айтып, оның біздің еліміз үшін өте маңызы зор екеніне тоқталды.
Жиын барысында мамандар республикамыздың одан әрі дамып, өркендеуіне жастардың мол үлесі бар екендігі де айта келе олардың білімді, жан-жақты болып қалыптасулары, елі үшін еңбек етуі үшін осы күннен дайын болу керек екендігі түсіндірілді.
Сондықтан кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық мәселесі айтылып, жастарды жат қылықтардан аулақ болуға шақырды.
Білім басқармасымен бірлесе отырып дайындалған «Менің өмірімді қайталама» атты қысқа метражды бейнеролик көрсетіліп, есірткі тұтынудың соңы неге әкелетінін, есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайтындығына көз жеткізді. Егер нашақорлықтан аулақ болмаса, есірткі дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіретіндігі жастарға ой салды.
Кездесу барсында, сондай-ақ, студенттердің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында заң талаптары түсіндірілді.
Нәтижесінде мереке қарсаңында, студенттер пайдалы және маңызды ақпараттарға қол жеткізіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
АЭС салуды жөнінде Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттары М.Сәрсенов, Н.Байсейтов №2 балалармен жасөсіпірімдер спорт мектебі және «Мырзакент» спорт клубының спортшыларымен кездесіп, 6 – қазанда өтетін референдум бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт […]
Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Құнанбай Мұсаев аудандық прокуратура, көші-қон полициясы мен кәсіпкерлер арасында жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, жұмыстарын әлі де болса пысықтай түсу керектігін ескертті, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына […]
Түркістан облысының орталығында “Нашақорлыққа жол жоқ! Біз өмірді таңдаймыз!” тақырыбында форум өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ауқымды шараға ҚР ішкі істер министрнің орынбасары Айдар Сайтбеков […]
Пікір қалдыру