Қазағымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр осы уақытқа дейін өз өміршеңдігін жойған емес.
Шымкент — жасыл желекті қала. Қаланың көркіне көрік қосу үшін тындырымды жұмыстар көптеп қолға алынуда. Сондықтан, бұл игілікті шараға барша қала тұрғындары атсалысуы тиіс.
«Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке 83 мыңнан астам адам қатысты. Тазалық шаралары барысында 68 техниканың көмегімен 563 текше метр қоқыс шығарылды.
Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ерікті жастар, қоғам белсенділері қала аумағын тазартуға, көгалдандыруға атсалысты.
Сенбілік барысында Тұран ауданындағы Малқаров көшесіне 250 дана қырым қарағайы және өзге де ағаш түрлері отырғызылып, аталған аумақ жасыл желекке оранды. Тұрғындар ағаштарды әктеу, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын орталық көшелерде, көпқабатты үйлердің аулаларында жалғастырды.
Бүгінде аудан елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық іс — шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы жоспарға сәйкес, әр аптаның сенбі күні барлық мекеме, бөлім қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары өткізілуде. Сондай-ақ сенбілікте әрбір ұжым біркісідей жұмылып, белсене атсалысып келеді.
Сенбілік – қоршаған ортаны қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс. Қаламызды көгалдандыру, таза қалаға айналдыру – қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлының басты назарында. Туған жерді және оның табиғатын қадірлеу — азаматтық парызымыз десек, өзіміз тұратын ауламызға тал егіп, туып-өскен аймағымызды көгалдандыру өмір салтына айналуы тиіс
Сенбілік шараларын жүргізу ұжымды біріктіріп, әріптестерді табиғат пен қоршаған ортаны сүюге баулиды, сонымен қатар, жағымды және жақсы естеліктер қалдырды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен 2025 жылға елдегі орман қорында 2 миллиард және елді мекендерде 15 миллион ағаш көшеттерін егу ісі қолға алынған.
Жоспар бойынша үшінші мегаполисте 5 қарашадан бастап жаппай ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, нәтижесінде қала аумағына жалпы 160 696 ағаш көшетін егу жоспарланған. Оның ішінде Дендросаябақ аумағына – 5000 көшет, аудан әкімдіктері тарапынан көше бойларына – 35 696 көшет, «Жасыл белдеу» мекемесінің жеріне 120 000 көшет егілмек.
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі қазіргі қоғамда ерекше маңызға ие. Қалалардың экологиялық жағдайы мен тазалығы тек көріктілігін ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын анықтайды. Осы себепті, қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласында өтетін […]
Бүгін қаламызда «World clean up day» — «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті. Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде үрдіске айналған сенбілік жұмыстары ауданның көркеюіне өзіндік үлесін қосуда. Бүгін аудандағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өткен сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік […]
Пікір қалдыру