«ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК: ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОРҒАУ МЕН ҚАЛАНЫ ТАЗАРТУ ШАРАСЫ»

Қала тазалығы – мәдениеттің өлшемі. Шаһар көшелерінің тазалығы, жол жиектерінің жасыл желекпен көмкерілуі, абаттандырылуы тұрғындардың барлығы үшін маңызды.

Шымкент қаласында өткен жалпы қалалық сенбілік экология мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
Шара барысында қатысушылар қала көшелері, арық-атыздар, саябақтар, скверлер және су қоймаларының аумағын тазалады.
Жалпы, қаламыздың көркі мен келбетіне немқұрайлы қарамайтын тұрғындар сенбілік кездері, әрі күнделікті тазалықты сақтауда бір кісідей атсалысуы тиіс. Өйткені тазалық пен шаһарымыздың әдемілігі бәріміз үшін маңызды. Бұдан бөлек айтарым — тұрғындар құр науқаншылыққа бой алдырмауы керек. Яғни әрқайсысымыздың қаламыздың көшелерінің қоқыс пен қалдықтардан ада болуына сенбіліктер кезінде ғана емес, күнделікті назар аударып, көңіл бөліп отырғанымыз жөн. Бұл — біздің қала халқына ортақ қағида болғаны жөн.

Шымкент қаласында қазан айында басталған “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы аясындағы жалпықалалық  кезекті сенбілік өтуде. Айта кету керек, шаһарда әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Соданда болар сенбілікке қатысушылардың саны артып келеді. Бұл, әрине құптарлық іс. Қала бәрімізге ортақ болғандықтан, қала тазалығы бәріміз үшін маңызды. Сондықтан тазалық мәселесінде алдымен әрбір тұрғын өзі тұрған жердің тазалығына мән берсе, тазалық сақталады. Сонда барып аула тазарады. Ал ауланың тазалығы қаланың тазалығы, қаланың тазалығы- сананың тазалығы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*