Нұрсат шағын ауданында орналасқан жекеменшік мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Заманауи және типтік үлгідегі 3 500 орынға лайықталған білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында басталған болатын.
Кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта балалардың пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдай жасалған. Білім шаңырағында спорт зал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орындыққа арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар.
Аталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған. Құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия қарастырылған.
Бүгінгі жұрт 1990 жылдар мен 2000 жылдардың басында сөзі мен ісі сай келмейтін атқарушы билік өкілдері мен депутаттардың көбін көрді. Талай басшы мен талай халық қалаулыларының ұйқаспайтын сөздеріне иланған кездері аз болған жоқ. Бертін келе, […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлемдік және құрлықтық ареналарда ел намысын абыроймен қорғаған спорт саңлақтарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы спортшылардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, олардың табыстары тек Шымкенттің ғана емес, тұтас Қазақстанның мақтанышы екенін […]
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы қалалық филиалында этнос өкілдерімен кездесті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қала басшысына атқарылған жұмыс жөнінде қысқаша есеп беріп […]
Пікір қалдыру