Шардара қаласында «Ako»tattileri атты кондитерлік дүкен ашылды. Нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, қала әкімі Олжас Айдосов және қала тұрғындары қатысып, лентасын қиды.
Б.Шомпиев өз жұмысын бастаған кәсіптік нысанның жұмысымен танысып шығып, құттықтады.
«Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы сіздердей кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың көбеюімен тікелей байланысты. Біз кәсіпкерлерге барынша қолдау жасап, халықтың әл-ауқатын көтеруге ұмтылуымыз қажет. Әрбір тұрғынның жетістігі біз үшін үлкен қуаныш»- деді Б.Қуанышбайұлы.
Айта кетсек, Шардара қаласы бойынша 370-ке жуық кәсіпкерлік нысан бар, оның 9-ы кондитерлік дүкендер.
Сырдария өзенінің маңындағы елді мекен тұрғындары үшін көктем мен жаз мезгілдерінде шіркей мәселесі айтарлықтай қолайсыздық тудыратыны белгілі. Соңғы күндері шіркей санының артуына байланысты Шардара ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде күшейтілуде. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына […]
Шардара ауданында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым мен өндіріс салаларын ілгерілету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, салалық басшылар атқарылған жұмыстар мен жоспарлары жөнінде […]
Шардара қаласы әкімдігіне қарасты «Шардара қаласының шаруашылық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізінен қала ішіндегі саябақтар мен скверлердің тазалығымен, көгалдандыру, абаттандыру жұмысымен айналысады. Көше бойындағы суағарлар мен аяқжолдар тазалығы, ағаштардың күтімі, саябақтағы жарық шамдарының түгелдей жанып […]
Пікір қалдыру