Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың «әр ауыл округте шағын кәсіпорын немесе цех ашу қажет»- деген тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Әлтай Заур «Ауыл Аманаты» жобасымен несиелендіріліп, өз кәсібін дөңгелетуде. Қазіргі таңға кәсіпкер жем майдалау цехы мен автожуу бекетін іске қосты. Сонымен қатар, қосымша мақта түту цехы, желімдеу,және дәмхана нысандарының құрылысын жүргізуде. Бүгінгі күні ол 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкердің жұмысымен танысуға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев арнайы барып, Әлтай Заурдың жұмыс жоспарларын тыңдады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге деген қолдауларды түсіндіріп, кәсібіне сәттілік тіледі.
Шардара қаласы әкімдігіне қарасты «Шардара қаласының шаруашылық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізінен қала ішіндегі саябақтар мен скверлердің тазалығымен, көгалдандыру, абаттандыру жұмысымен айналысады. Көше бойындағы суағарлар мен аяқжолдар тазалығы, ағаштардың күтімі, саябақтағы жарық шамдарының түгелдей жанып […]
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру аясында 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев халықпен бірқатар кездесулер өткізді. Аудан басшысының жұмыс сапары Достық ауылдық округінен басталып, Ақшеңгелді, Сүткент, […]
Шардара ауданының ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның айғағы ретінде Көксу ауылдық округіндегі «Темірқазық» шаруа қожалығының егістік алқабында ұйымдастырылған семинар-кеңесті атауға болады. Семинарда «Аватар» ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы күріш егу […]
Пікір қалдыру