Түркістанға Корея халықаралық сауда қауымдастығының басқарма төрағасы Юн Джин Сик жұмыс сапарымен келді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді.
– Біздің елдің Корея халқына деген ілтипаты, көзқарасы өте жақсы. Өйткені бұрыннан тарихи байланыс орнаған. Сіздер жақтан келетін инвестицияны жылы қарсы алады әрі қолдайды. Түркістан – түркі әлемінің орталығы, тарихи өлке. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің және үлкен инвестициялық әлеуетке ие. Біздің өңір – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Қазіргі уақытта облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан, бизнесті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалған. Аймақта 10 индустриалды аймақ және «Turan» арнайы экономикалық аймағы бар. Аталған алаңдар инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады. Корея Республикасының инвесторларымен фармацевтика, өндіріс, ауыл шаруашылығы саласында әріптестік орнатып, кәсіпорындар ашуға дайынбыз. Білім саласында да әріптестік орнатылды. Облыста кореялықтардың қатысуымен оқу орны ашылады. Алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен шешімдерді бірлесіп әзірлейміз. Біз өз тарапымыздан «KITA» қауымдастығының құрамындағы компаниялардың Түркістан облысында бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, – деді Дархан Сатыбалды.
KITA қауымдастығының төрағасы Юн Джин Сик қонақжайлық танытқан өңір басшысына алғысын білдірді.
– Түркістан төрінде өзіңізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. KITA қауымдастығы туралы айта кетсем, бұл – Оңтүстік Кореядағы ең таңдаулы әрі алпауыт кәсіпорындар мен бизнес құрылымдардың басын біріктіріп отырған қауымдастық. Орта және шағын бизнестегі кәсіпкерлер де бізге тіркелген. Біз оларға Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті туралы мағлұмат береміз. Алдағы уақытта Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасының Президенттері кездеседі. Сол іссапарда елімізден ірі кәсіпкерлер келеді. Инвесторлардың қазақстандық бизнес өкілдерімен, өңірлерімен әріптестік орнатуына тікелей атсалысамын. Оның ішінде Түркістан облысы да негізгі қатарда. Жаңа жобалардың жүзеге асуына, тиімді келісімдер жасалуына қолдан келген мүмкіндіктің бәрін қарастырамыз. Түркістан облысымен тиімді байланыс орнатып, жұмыс істейміз деген ойдамын, – деді KITA қауымдастығының төрағасы.
Кездесуде Түркістан облысында жүзеге асырылуы мүмкін жобалар талқыланып, әріптестікті нығайта түсу жөнінде келісім жасалды.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Астана қаласына арнайы іссапармен барды. Онда «Sovico Group» компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхан Хунг мырзамен және компания делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «Sovico Group» […]
Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын сақтау жолында бірнеше буын өкілі қатар еңбек етіп келе жатқан бірегей отбасы бар. Бұл — Құлбаевтар әулеті. Ішкі істер саласында қызмет ету бұл әулет үшін жай мамандық емес, […]
Бүгін Түркістан облысында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы Үндеуінде мәлімдеген болатын. Аза тұту шарасына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысты. «Құрметті […]
Пікір қалдыру