Шардара қаласында саябақтар саны тағы біреуге артатын болды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бүгін тиісті сала мамандарымен бірге жаңа демалыс аймағына арналған жерді барып көрді. Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақта тұрғындардың жайлы демалып, көңілді сейіл-серуен жасауы үшін барлық жағдайлар жасалынатын болады.
Жалпы аумағы 4 гектарға жуықтайтын саябақтың қазығы келесі аптада қағылып, құрылыс жұмыстары басталмақ. Аудан басшысы Арман Романұлы жаңа нысанда жүргізілетін жұмыс жобасын тағы бір пысықтап, құрылыстың сапалы әрі уақтылы аяқталуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Жалпы Түркістан облысында Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ екені көптен бері айтылып келеді.Ата-бабаларымыз ежелден саят құрып, жүйрік жарыстырып, құсбегілікті жоғары бағалаған. Теңіздің қадірін білген. Осынау ізгі қасиеттерді жаңғыртатын іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын Шардараның жағалауы шетел туристерін қызықтыратын орынға айналуы тиіс және осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бір кездері мұзбалақ ақын Мұқағали жырлаған «Шалқадан жатқан Шардараның» бүгіндері тебіреніп, тербеліп, шабыттанып жатқан жайы бар.
Жағажайымен ғана емес, жаңа салынған саябақтарымен де көпшілікті таңғалдыратын болады. Тек туристтер ғана емес, өлкенің тұрғындарына таптырмас демалыс аймағы болады деп сенеміз.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚҰ 2024 жылғы 18 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында әлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысты. XXI ғасырда энергетика экономикалық тұрақтылыққа, қоршаған ортаға және […]
Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері өсуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылы кооперативінде болып, шаруалармен кездесті. Оранғай ауылдық округіндегі «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 5000 басқа арналған […]
За соблюдением санитарных требований на всех объектах по Туркестанской области следит специальная мониторинговая группа, состоящая из представителей общественного контроля. Во время рейдовой проверки в отношении лиц, игнорирующих постановление Главного санитарного врача области принимаются меры […]
Пікір қалдыру