Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері өсуде.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды
Сауран ауданына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылы кооперативінде болып, шаруалармен кездесті. Оранғай ауылдық округіндегі «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылды. Мұнда жылына 4000 тонна ет дайындауды жоспарлап отыр. Жалпы, мал бордақылау алаңы 2,5 гектарды құрайды. Мұнда ауылдық округтегі жергілікті 20-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба құны – 1,5 млрд. теңге.
Кооператив асыл тұқымды мал санын арттырып, олардың өнімділігін көбейту мақсатында жұмыс жасап келеді. Кәсіпкер етті бағыттағы өнімді өндіріп, ішкі нарықты қамтамасыз етуді көздеп отырғанын жеткізді.
Облыс басшысы Дархан Сатыбалды мемлекеттік қолдауларға тоқталып, шаруаның жұмысына табыс тіледі. Одан кейін өңір басшысы Оранғайдағы «Яссы құс» шаруа қожалығына барды. Құс фермасының жалпы жер көлемі – 2 гектар. Жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған. Итальяндық қондырғымен жабдықталған құс фермасында германиялық «Ломан ЛСЛ» тұқымды тауық өсіріліп, тәулігіне 80 мың дана жұмыртқа өндірілуде. Қоспалы жемді өздері әзірлейді.
Облыс әкімі ауыл шаруашылығы – негізгі драйвердің бірі екенін айтып, жауапты басшыларға осы саланы дамытып, кәсіпкерлікті қолдауды тапырды.
Облыста былтырғы жылы жалпы 9183 бірлік бордақылау алаңы болған. Ал биыл жалпы алаңы 160 гектарды құрайтын австралиялық жобамен 50 мың басты мал бордақылау алаңын іске асыру көзделген. Жоба құны 8,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Бұдан бөлек аймақ ет экспорты бойынша да көш бастады. Жыл басынан бері 10,0 мың тонна ірі қара мал еті, 4,6 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілген. Биыл асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша 27 бағытқа 10650825 мың теңге қаражат қаралып, 11 айда 8332000 мың теңгеге қолдау көрсетілді. Бүгінде түркістандық шаруаларға мемлекеттік қолдау тетіктері жалғасып келеді.
Түркістан облысында ауыз су саласына 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталды, қалған 34 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды, 9 елді […]
Түркістан облысында Республика күні мерекесіне орай өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, облыстағы барлық аудан-қалаларда 121 іс-шара өткізілмек. Бұл жайында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді. «Республика күні ел Президенті Қасым-Жомарт […]
Биыл өңірде бірқатар білім беру мекемелерінің ғимараты жаңартылып, жөндеуден өтеді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сайрам және Төлеби аудандарына жұмыс сапарымен барды. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірнеше білім нысанын аралап көрді. Жаңа […]
Пікір қалдыру