Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр.
2024 жылдың сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауды таныстырды.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы, «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Сонымен бірге «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан облысының Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша да тиісті шешімдер қабылданды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары сессия жұмысын қортындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
– Бүгінгі маңызды жиында облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайына едәуір ықпал жасайтын мәселелер талқыланып, олар бойынша шешімдер қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа инвестициялық кезеңді бастауды тапсырды. Облыста осы бағытта жұмыс жүруде. Инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту – басым бағыт болып қала береді. Күш біріктіріп жұмыс істеуіміз керек. Осы жиынды пайдаланып, «Таза Қазақстан» акциясына тағы да тоқталғым келеді. Бұл – бір күндік немесе бір айлық науқан емес. Жылдар бойы тұрақты түрде атқарылатын жұмыс. Біз көшелерді тазалап, инфрақұрылымды жақсартамыз. Бірақ қоғамдық сана түзелмей, бұл мәселе шешілмейді. Сондықтан халық қалаулыларын да осы акцияға үлес қосып, түсіндіру жұмыстарына атсалысып, елдің экологиялық сауатын көтеруге шақырамыз, – деді Зұлпыхар Жолдасов.
Облысытың барлық аудан, қалаларында үлкенді-кішілі өндіріс орындары мен зауыттар бар. Енді салынып жатқан зауыттардың да жұмысқа кірісетін күні жақын. Сондықтан да, жүйелі жұмыстың нәтижесін күтіп отырмай, әрі қарай еңбектену керектігін де баяндады.
Соңғы алты ай ішінде Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының инсульт бөлімі 67 ота жасаған. Оның ішінде 28 тромболозистік болса, 39-ы нейрохирургиялық ота болып саналады. Нейрохирургиялық отаның 22-сі ашық түрдегі және 17 эндоваскулярлы түрі екенін айта […]
Көне Түркістанның орнынан керуен сарайы, мектеп пен қыш бұйымдары цехы табылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан тарихи нысандар тапқан архелогтар, бұл әлемдік сенсациялық жаңалық екенін мәлім етті. Ескі Түркістан қаласының көне шахристанынан XVIII-XIX ғасырларға […]
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылдың 930-ға жуық отбасысы облыстық штаб қоймасындағы азық-түлікпен толық қамтамасыз етіліп отыр. Бүгінгі таңда орталық қоймадан бөлек үш қосалқы тарату бөлімшелерінен тұрғындарға қажетті азық-түлік себеттері үлестіріліп берілуде. […]
Пікір қалдыру