Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру үшін бірінші кезекте жұмыспен қамту және баспанамен қамту қажет. Мемлекет басшылығының әрбір қазақстандықты баспанамен қамту туралы бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруда Түркістан облысының аудандары мен қалаларында, облыс орталығы Түркістан қаласында қыруар жұмыстар атқарылып, құрылыс қарқынды жүргізілуде.
Сауран ауданының тумасы, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов өз демеушілігімен көпбалалы екі отбасыға баспана кілтін табыстады. Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байспаев және аудан әкімдігінің қызметкерлері арнайы барып, жомарттық жасаған облыстық мәслихат депутатына ізгі тілектерін білдірді. Отбасы мүшелеріне сый-құрметін көрсетті.
Бүгінгі таңда тұрғын үйлер толығымен аяқталған. Баспана іші қазіргі заман талабына сай жабдықталып, жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Ас үй мен қонақ бөлмесі де ерекше безендірілген. Сонымен қатар үй қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз етілген.
–Жалпы, жұртқа қайырымдылық жасау – мұсылмандық әрі азаматтық борыш. Мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Ауданда жүрегі мейірім мен шапағатқа толы азаматтарымыз көп. Бүгінгі жаңа баспананы тұрғызып, екі бірдей отбасыға үлкен қуаныш сыйлағаныңыз үшін Баймахан Тоймаханұлы сізге алғысым шексіз, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, аудан көлемінде тұрғын үйге тәуелділікті азайтып, кезекте тұрғын азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда әкімшілік-іскерлік орталығынан 24 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қосымша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын басталатын болады.
«Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 504 пәтер сатып алуға 6,6 млрд. теңге қаралған. Ал «Самұрық-Қазынаның» кредиттік қаржысы есебінен 1989 пәтер сатып алуға 29,9 млрд. теңге қаралып отыр. Бүгінде аудан, қалаларда аталған үйлерді салатын жер белгіленіп, кейбір аудандарда құрылыс басталып кеткен.
2025 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы саласы болып отыр. Облыстағы халық санының артуы, урбанизация процесінің жеделдеуі және инфрақұрылымдық қажеттіліктер тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Осыған орай, биыл өңірде […]
Түркістан облысының Сауран ауданына Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясының арнайы іссапары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды кезең болды. Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдени және экономикалық байланыстарды дамыту, сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Сауран […]
Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбейіп келеді. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен […]
Пікір қалдыру