ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сайрам ауданына жасаған іссапары аясында Қарасу ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына барды.
Сайрам ауданының жастары көптеген спорттық сайыстарда жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Осыған орай, аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға қолдау таныту, спортшыларға серпіліс сыйлау мақсатында спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
Сапар барысында аудан басшысы Арман Сәбитовпен және жауапты тұлғалармен бірге спорт нысанының жағдайын жіті саралады. Атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне тез арада берілуін тапсырды.
Аталған нысанның қажетті қаржысы бюджеттен қаралып, құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде «ЮгТехНадзор» ЖШС техникалық қадағалауындағы «НурТехСервис» ЖШС мердігер мекеме тарапынан іргетас құю, қабырға қалау, шатыр жабу жұмыстары толық аяқталды. Алдағы уақытта сыртқы әрлеу және электр желілері мен жылу жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп, спорт кешені биыл тамыз айының соңында пайдалануға берілу жоспарлануда.
Айта кетейік, жалпы аудан аумағында 406 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның ішінде, 109 спорт зал, 266 спорттық алаң, 2 стадион, 3 спорттық кешен, 1 жүзу бассейні, 1 оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталық, 2 теннис корты, 21 жабық футбол алаңы бар.
Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Фракция мәжілісіне облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев және депутаттар […]
Түркістан облысында инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады. Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев өңірге жеке қаражатын салып, ірі инвестициялық […]
Қол астындағы қызметкер жемқорлықпен шатылса, бірінші басшы жұмыстан кету жөнінде өтініш жазуға міндетті. ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан […]
Пікір қалдыру