Түркістан облысында инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев өңірге жеке қаражатын салып, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті инвесторлармен екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Алдағы уақытта, ауданда «Exclusive Story Montazh» компаниясының қорғасын зауытын құру жобасы арқылы 500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Инвестициялық құны 5 млрд теңгеге бағаланып отырған жоба арқасында өңірдегі жұмыссыз азаматтардың саны біршама азаймақ. Сонымен қатар, «ЮгСтройТехнология» компаниясының газ-бетон блоктарын шығару жобасы арқылы да тағы 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Инвестициялық құны 1,2 млрдтеңге.
«Инвесторларды өңіріміздің дамуына ықпал етуге шақырамын. Келісім екі жаққа да тиімді болады деп сенемін. Аталған екі зауыт арқылы ауданымыздың 600-ге жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Өңірге инвестициялық жобаларды тарту жұмыстары жалғасатын болады»- деді Азат Әбдіғалиұлы.
Бүгінде Түркістан облысында су ұңғымалары мен құдықтар қазылып, заманауи жаңа аялдамалар ашылып, ағаштар отырғызылып, орындықтар орнатылуда, сонымен қатар жолаяқ пен велосипед жолын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Отырыста атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қатысты облыс бойынша […]
Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені республикада ерекше орын алады. Еліміздегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің 12%-ы облысқа тиесілі. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға егіліп, Түркістан облысы құрылғалы бері егіс көлемі 12 мың […]
Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым […]
Пікір қалдыру