Сарыағаш ауданында каналдарды реттеу жұмыстары қарқын алды. Ауданға қарасты Тегісшіл ауылдық округінде ауылдық округ аумағындағы егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін Досқара каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Құркелес ауылдық округі аумағындағы Құлтума каналының апатты жағдайда тұрған бастапқы 150 метр жерін бетондау жұмыстары атқарылуда. Каналды бетондау жұмыстарына биыл аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Жұмыстарды маусым айынан бастап мердігер «Алтынбек и Б» ЖШС жүргізіліп жатыр.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған каналдардың басында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Жауапты тұлғаларға жұмыстар сапалы болу қажет екендігін ескертіп, суғару маусымында егістік жерлерге қажетті суды толық жеткізіп беруді міндеттеді. Нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық бюджет есебінен облыстық «Тұран-су» МКК арқылы 3 экскаватор сатып алынған болатын. Биыл осы техникалармен 252,8 шақырымды құрайтын 68 бірлік су нысанын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған. Осы жоспарға сәйкес, қазіргі таңда 71,5 шақырым немесе 28% cу арналары тазалаудан өткізілді.
Мемлекет басшысы былтыр Жолдауда ішкі су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды екенін атап өтті. Бұл орайда суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту міндеттелді. Су […]
Салтанатты шараға өңірдің 400 – ден астам білім беру саласының өкілдері қатысты. Ұрпақ тәрбиелеуде талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!» атты шараның шымылдығы «Абай өсиеті» театрлық көрінісімен ашылды. Түркістан облысының […]
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» кездесуі өтті. «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» атты кездесу барлық аудан, қалалар деңгейінде өткізілді. Келелі кездесуге жастар, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері […]
Пікір қалдыру