Түркістан облысы, Арыс қаласына жаңа көпфункционалды жол техникасы келді. Арнайы техниканың ерекшелігі– көпфункционалды, яғни жыл бойы әртүрлі міндеттерді орындау үшін пайдалануға болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жазғы уақытта бұл техника көшелерді жуу және тазалау жұмыстарын атқарады. Қысқы кезеңде қар тазалау және мұз мен тайғаққа қарсы тұз, құм себу үшін қолданылады.
Әмбебап техниканы «Таза Қазақстан» акциясын қолдап келе жатқан «Kazakh Real Stroy» мекемесі арнайы әкелді.
Жаңа техника заманауи талаптарға сай жабдықталған және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстауда жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде техника қала көшелерін жуу жұмыстарына кіріскен. Оған сыйымдылығы 8 000 кубты құрайтын арнайы су жинағышы орнатылған. Әртүрлі бағытқа су шашатын екі шлангасы мен шаң-тозаң тазалайтын арнайы щеткасы бар. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын, 80 метрге дейін жоғары қысыммен су шашатын шланга орнатылған.
Ал қысты күндері алдына арнайы қар күреуге арналған тіркемесі орнатылады. Ал су жинау резервуары орнына құм мен тұз салуға арналған тірекке ауыстырылады.
Мекеме мамандары жаңа техниканың қала жолдардың қауіпсіздігі мен тазалығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта бұдан да көлемі үлкен техникаға алдыру жоспарлап отқандарын жеткізді.
Басты мақсат – Арыс қаласының инфрақұрылымын жақсарту және оны тұрғындары үшін барынша қолайлы ету.
Айта кетейік, Түркістан аумағындағы көгалдандыру, ағаштарды күту және саябақтар, скверлер мен аллеялардың тазалығын сақтау мақсатында 25 түрлі 200 техника алынды. Техникалардың ішінде ағаштарға күтіп-баптау жұмыстарымен қатар, көгал, гүл мен бұтаны сәндеуге, қырқуға арналғандары да бар. Сіздерге сол техникалар бойынша қысқа-нұсқа ақпарат беріп,таныстыруды жөн көрдік.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік орган – ҚР-ның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жұмысын бастады. Агенттік – қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау сынды міндетпен айналысады. […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Онда Түркістан қаласы мен облыс аумағындағы елді мекендерде қолға алынатын сәулеттік жобалар сараланды. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынатын имандылық асхана сарайы мен […]
Шаруалар тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім алуға болатынына көз жеткізіп отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапары барысында Ескі Иқан ауылдық округіндегі «ДАТҚА» жеке кәсіпкерлігінің тамшылатып суару әдісі арқылы егілген мақта […]
Пікір қалдыру