Мемлекет басшысы жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Оның бастысы – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану.
Отырар ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін былтыр 1,1 миллиард теңге бөлінген. Мақсат, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғандықтан қаржыландыру биылда жалғасын табады деген жоспар бар.
Ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 60 пайызға өсіп, 2023 жылы 80 млрд теңгеге жетті. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 34 млрд теңгеден асып, жоспар 5,7 млрд теңгеге артығымен орындалды. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі өткен жылы 41 млрд теңгені құрап, жоспар 1,7 млрд теңгеге артығымен орындалды.
Кездесуде тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Инфрақұрылым, жер, жайылым, газдандыру, ағын су және өзге де мәселелер көтерілді. Әрбір көтерілген мәселе хаттамаға енгізіліп, заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Кездесуден кейін Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, жерді заңдастыру, білім саласы.денсаулық сақтау және басқа да түйткілдер тарқатылды. Қозғалған мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүреді.
Отырар ауданында 2024 жылы 6 шағын инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлынып отыр. Олар негізінен құрама жем шығару кәсіпорыны. Бүгінгі таңда жер телімі анықталып, құжаттары рәсімделген. Жоба аясында кәсіпкердің өз қаржы есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын ағымдағы жылдың тамыз айында іске асырылады деп жоспарланып отыр.
Сонымен бірге құрылысының жартысынан көбі аяқталған сауда орталығы да инвесторлар есебінен.
Жалпы құны 350 млн теңгені құрайтын мал бордақылау орыны да ашылатын болады.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі 2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келеді. Қазіргі таңда 1 гектарға анар, 3 га жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. […]
Бүгінде Түркістан облысы ауылдық аймақтарды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жобаларды іске асырып келеді. Соның бір айғағы – Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінде қолға алынған жаңа әлеуметтік нысандар құрылысы. Аудан әкімі […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты. Президенттің арнайы тапсырмасымен салынған кешенде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 […]
Пікір қалдыру