Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қытайлық «Бачжоу» халықаралық сауда палатасы өкілдерімен кездесті. Кездесу барсында Түркістан облысы мен ҚХР арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.
Өз кезегінде Қытайлық кәсіпкерлер екі ел арасындағы сауда-саттық, түрлі жер қойнауындағы пайдалы қазбалар және құрылыс материалдарын шығару, ет экспортын дамыту және тері өңдеу мен тағам өнеркәсібі бойынша облысқа инвестиция салып, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.
Жиын барсында «Бачжоу» халықаралық сауда палатасының өкілі Ми Вэньин Яньхун Түркістан облысы мен ҚХР арасында бірлесе өндірісті дамыту үшін индустриалды аймақ ашуды ұсынды.
Алдағы уақытта ұсыныстар қаралып, екіжақты жұмыстар жүргізіліп, Қазақ — Қытай бірлескен жобалардың санын арттыру жоспарлануда.
Айта кетейік, өңір басшысы өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы жайында айтқан болатын. Оның барысында қытайлықтар үшін тиімді тұстарына баса назар аударылды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласына, қайта өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға ерекше басымдық беріп жатқанын атап өтті. Өңірдің ерекшеліктеріне тоқталып, жақында болған Қытай сапары нәтижесінде жүзеге асатын бірлескен жобалармен де бөліскен. Жаңа жобаларды жан-жақты қолдауға, мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс қолдауларды ұсынуға әзір екенін білдірген еді.
Түркістан облысынының орталығы Түркістан қаласы мәдениет пен туризмнің орталығына айналып келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері өңірге жалпы 500 мыңға жуық адам келген. Бұл көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қалаға келушілердің саны 104,0%-ға өскенін […]
Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданы бойынша 140 шақырым жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы аудан әкімінің басты назарында. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс барысымен ауданда жасалып жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. […]
В этом году, в Туркестанской области несмотря на карантинные меры, сохраняется устойчивый рост в агропромышленном комплексе, весенние и осенние полевые работы проведены в срок. К примеру, посевная площадь сельскохозяйственных культур увеличилась на 17 тыс. га […]
Пікір қалдыру