Биыл Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік «Longshuntai» компаниясының өкілімен кездесті. Кездесу барысында әріптестік орнату, жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Инвестор Арыс қаласында тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіруді көздеп отыр. Дәлірек айтсақ, қызанақ кластерін дамытуды қолға алмақ. Ол инфақұрлымы дайын, бірақ қазір жұмысы тоқтап тұрған шаруашылықтардың бірін қаржыландыруға дайын. Сонымен бірге жүгері өсіруге де ниетті.
Кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова инвестордың әлеуеті мен жоспарына тоқталып, әріптестік оң нәтиже береріне сенім білдірді. Екі тарап жобалар бойынша терең талдау жасап, зерделеу нәтижесі дұрыс шықса, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
Арыс қаласында өндірістің әлеуеті жоғарылап келеді. Әр түрлі салаларды қамтыған өндіріс ошақтары өңірдің тек экономикасын ғана емес, жұмыссыздықтың да алдын алуға бағытталған.
Мәселен, Арыста өндірілетін мұнай өнімдерімен ішкі нарықты қамтуды көздейді. Кәсіпкер өндіріс орнын кешенді дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өндірісте 45 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 125 мың тонна мұндай өнімдерін өңдейді. Оның ішінде, жылына 26 180 тонна жанармай, 28 000 тонна дизель отынын, 12 420 тонна керосин,
54 250 тонна мазут шығарады. Зауыт кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынған.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласында орналасқан «Арыс» минералды су ЖШС-нің жұмысымен де танысты. Бүгінде табиғи минералды суға сұраныс жоғары. Мұнда тәулігіне 15 мың құты, жылына 18 млн. литр минералды су сатылымға шығарылады. Кәсіпорын 20-дан астам арыстық тұрғынды жұмыспен қамтыған. Шипалы сусын 1870 метр тереңдіктен алынады. Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Табиғи минералды су Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына және көрші облыстарға жөнелтілуде.
Арыста жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 23 пайызға өсіп, 2023 жылы 56 млрд. теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 36 пайызға өсіп, 2023 жылы 6 мыңға жетсе, олардың өндірген өнімі 75 млрд. теңгені құрады.
Кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың есебі тыңдалды. Өңір басшысы қала әкімі мен басқарма басшыларына Арысқа тартылған инвестиция көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы саласын жандандыру, ауыз су, газ және өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берді.
Түркістан облысы халықаралық әріптестік пен экономикалық серпіліс жолында жүйелі қадамдар жасауда. Жуырда облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының Шанхай аймағынан келген ірі инвесторлар делегациясын қабылдады. Бұл кездесу өңірдің өндірістік және инвестициялық әлеуетін шетелдік серіктестерге […]
Отанға адал қызмет етуде ер-азаматтармен қатар нәзік жанды арулар да зор үлес қосып келеді. Түрлі салада табысты еңбек етіп, абырой биігінен көрініп жүрген сондай арулардың бірі — Түркістан облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының автоматтандырылған […]
Бүгін Түркістан облысы Кентау қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай, Нұр-Сұлтан қаласы күні қарсаңында еңселі ескерткіш орнатылып, ашылу салтанаты өтті. Игі шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, кентаулықтарды құттықтады. «Елорда […]
Пікір қалдыру